Хабар

Қазақстан мектептерінде психологиялық қызмет құрылады

Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын ұсынып, құжат жобасын әзірледі.

Құжат оқушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтауға және нығайтуға, білім беру процесіне қатысушылар арасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға, жеке мүмкіндіктер мен ерекше қажеттіліктерді ескере отырып, білім алушыларды әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Психологиялық қызметтің келесі міндеттері белгіленген:

Жеке тәсілді қамтамасыз ету, білім алушылардың тұлғалық дамуына және психологиялық орнықтылығына жәрдемдесу, олардың психикалық және дене дамуы мен оқуының қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуге көмек көрсету;
Даму мен оқыту проблемаларының туындауының алдын алу үшін балалардың даму мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін кешенді диагностикалау, білім беру процесінің барлық қатысушыларын сүйемелдеу;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, білім беру бағдарламаларын олардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау негізінде білім алушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне бейімдеу;
Білім беру процесіне қатысушыларды сүйемелдеу бойынша педагогтер мен мамандардың пәнаралық, командалық тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктер мен ерекше қажеттіліктерді ескере отырып, білім алушыларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту, әлеуметтендіру үшін қажетті жағдайлар жасау;
Білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты және өзара көмекті қолдау;
Барлығына сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін қажеттіліктердің әртүрлілігін ескере отырып, білім алушының педагогтері мен отбасына консультациялық-әдістемелік көмек;
Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.

Психологиялық қызметтің құрамына білім беру ұйымы басшысының (директорының) орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшісі, арнайы педагогтер, педагог-ассистенттер, пән педагогтері, медицина қызметкері кіреді.

Психологиялық қызметтің құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Жалпы психологиялық қызмет өз қызметін диагностикалық, консультациялық, ақпараттық-түсіндіру, дамыту және ұйымдастыру-әдістемелік бағыттарда жүзеге асырады.

Құжат 17 маусымға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА(https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14113644) сайтында орналастырылған.

egemen.kz(https://egemen.kz/article/314411-qazaqstan-mektepterinde-psikhologiyalyq-qyzmet-qurylady)

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button