Хабар

СІМ Ресейге сапарлауды жоспарлаған қазақстандықтарға үндеу жасады

Еліміздің сыртқы істер министрлігі ресми Telegram-каналында Қазақстан азаматтарына үндеу жасап, Ресейге қай елдер арқылы ұшып келуге болатынын түсіндірді.

“Құрметті азаматтар, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Беларусь арқылы Ресейге осы елдің ықтияр хаты немесе РФ үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен бекітілген тиісті негіздер болған кезде ғана ұшып келе алатынына сіздердің назарларыңызды қайта аударамыз. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Ресейге келесі елдер арқылы ұшып келе алады: Түркия, Швейцария, Мысыр, Мальдив, БАӘ, Қырғызстан, Корей Республикасы, Куба, Сербия, Жапония, Сейшель аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзірбайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка”, – деп хабардар етті ведомство.

Сонымен қатар, СІМ Қазақстан азаматтары Ресей Федерациясына келесі жолдармен жете алатынын еске салды:
1) тікелей әуе рейстерімен;
2) тізбесі РФ үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-ө өкімімен бекітілген елдер арқылы транзитті әуе рейстерімен (сілтемені қараңыз;
3) РФ үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен көзделген негіздер болған жағдайда құрлықтық өткізу пункттері арқылы не басқа елдерден (сілтемені қараңыз) келе алады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтарға Ресейге үшінші елдерден ұшып келуге рұқсат етілген еді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button