Хабар

Зейнетақы жинағының 50 пайызын пайдалану: БЖЗҚ ұсыныстар айтты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қоғамдық кеңесі салымшылардың зейнетақы жианығындағы активтерін басқарушы компаниялардың жарғылық және меншікті капиталына жоғары талаптар қоймауды ұсынады.

Қордың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, қоғамдық кеңес Ұлттық банктің зейнетақы активтерін жеке компанияларға инвестициялық басқаруға беру идеясын қолдап отыр.

Нақтырақ айтсақ, басқарушы компаниялардың жарғылық және меншікті капиталына жоғары талаптар қоймауды ұсынады. Бастапқы кезеңде мұндай басқарушы компанияларды БЖЗҚ іріктесе, кейін оларды таңдау құқығын салымшылардың өздеріне құқық беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қазақстандық бағалы қағаздардың тізбесін тікелей анықтауды ұсынады. Басқарушы компаниялар тәуекелдерді болдырмау үшін өтімді нарықтарға еркін инвестициялау мүмкіндігіне ие болады.

«Барлық салымшыларға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өздері таңдаған инвестициялық портфельді басқарушыларға ең төменгі жеткіліктілік шегі бойынша шектеусіз аудару құқығын беру жоспарланып отыр. Өйткені инвестициялық портфельді басқарушыны ауыстыру кезінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша алынбайды. Ал портфелді басқарушы компанияның салымшы активтерін инвестициялауды әртараптандыру және олардың кірістілігін арттыру жөніндегі мүмкіндіктері кеңейтіледі», – делінген қоғамдық кеңес ұсынған жоба таныстырылымында.

Бұған дейін зейнетақы жинағының 50 пайызын жеке компанияларға аудару мүмкіндігі жасалатындығы туралы хабарладық. Жуырда бұл құжатты Парламент қарайтын болады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button