Хабар

Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те бес жаңа қызмет қолжетімді

Елден тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары енді eGov.kz арқылы неке қию немесе бұзу, баланың тууын тіркеу, атын, тегін, әкесінің атын өзгерту және қайтыс болғаны туралы анықтаманы алу бойынша қызметтерді жүзеге асыра алады. Дайын құжат Қазақстанның шетелдегі елшілігінде немесе консулдығында беріледі. Қызметтер әлемнің 20 ірі елінде ұсынылады.

eGov.kz порталының «Отбасы» бөлімінде неке қиюды немесе бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тиісті қызметті табу, қажетті жолдарды толтыру және консулдық алымның төленгені туралы чекті жүктеу, бұдан әрі ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет. Осыдан кейін ерлі-зайыптылардың бірінің жеке кабинетіне өтінімді келісу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Ол қажетті жолақтарды толтырады және сұрауға қол қояды. Қызмет көрсету мерзімі – 1 ай.

Шетелде баланың тууын тіркеу үшін пайдаланушы қажетті жолақтарды толтырып, сұралған құжаттарды жүктеп, консулдық алымды төлеу туралы чекті жүктеп, өтінішке қол қоюы керек. Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту үшін дәл осындай әрекеттерді орындауыңыз керек, бірақ мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.

Қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамның ЖСН-ін көрсету, қажетті жолдарды толтыру және сұрау салуға қол қою қажет. Қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button