Хабар

ртеңгі Жолдауда не айтылуы мүмкін. Сарапшы жауабы

Ертеңгі Жолдауда бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріледі. Бұл пікірді Қазақстандық қоғамдық даму институтының эксперті, Олжас Бейсенбай айтты.

Қазақстандық қоғамдық даму институты әртүрлі саладағы сарапшылардың арасында сауалнама өткізген еді. Оның нәтижесінде қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер оның ішінде күнделікті тұтынатын азық-түлік бағаларына қатысты өзгерістер туралы айтылады деп күтілуде. Сондай-ақ Жолдауда кейбір саяси реформаларды халыққа түсіндіру жұмыстарындағы олқылықтар туралы айтылуы да мүмкін, – деді ол.

Бейсенбайдың сөзінше, Мемлекет басшысы Үкіметке қысқармерзімде атқарылуы тиіс тапсырмалар береді. Сондай-ақ Үкіметтің жұмысына белгілі бір деңгейде баға берілетін болады.

Біріншіден, Президент ең әуелі экономиканы диферсицикациялау және сыртқы сауданың нығаюына байланысты бағыт-бағдарларды айқындап береді деген ойдамын. Екіншіден, қоғамда қаңтар оқиғасына қатысты бірқатар сұрақ бар. Бұл тақырыпта қозғалады деп ойлаймын. Үшіншіден, басталған саяси-реформаларды әрі қарай жалғастыру мәселелеріде көрініс табатынын анық, – деді саясаттанушы.

Сарапшының айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке елдің сыртқы және ішкі жағдайын ескере отырып, шиленіскен жағдайдан шығудың тиімді жолдарын қарастыруды тапсырады.

Қоғамда жалпы мемлекеттің кадрлық потенциалын нығайту жөнінде талқылаулар болып жатады. Сол себепті Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттың, жергілікті атқарушы органдардың басқару саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар беруі мүмкін, – деді Олжас Бейсенбай.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button