Хабар

Білім және ғылым министрлігі екі ведомствоға бөлінеді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды.

«Оның бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысатын болады. Жалпы, мен атап көрсеткен шешімдер қазақстандық ғылымды кешенді дамытуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық прогресіндегі үлесіне бағытталған», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру мүмкіндіктеріне де тоқталды.

«Бұған қоса ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын айтарлықтай деңгейде көтеруге мүмкіндік беретін Ұлттық дәйексөз алу жүйесін құруымыз қажет деп есептеймін. Бұл қадам қазақстандық ғылыми журналдардың әлеуетін нығайтуды талап етеді», деді Президент.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button