Хабар

Риодағы Олимпиада ойындарының медальдік есебі бойынша Қазақстан 11-інші орында

Қазақстан құрамасы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жарыс  нәтижесі бойынша бүгін 11-інші орынға көтерілді, деп хабарлайды Today.kz.

Қазіргі уақытта қоржынымызда жеті медаль: екі «алтын» – ауыр атлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин, екі «күміс» – дзюдоист Елдос Сметов пен ауыр атлет Жазира Жаппарқұл,  сонымен қатар үш «қола» – дзюдоист Отгонцецег Галбадрах пен  ауыр атлеттер Фархад Харки, Карина Горичева.

Медальдік есеп бойынша бірінші орынға АҚШ жайғасты, олардың еншісінде 10 «алтын», 11 «күміс», тоғыз «қола» медаль. Екінші орында Қытай – тоғыз «алтын», төрт «күміс»,  сегіз «қола». Үшінші орында Жапония – алты «алтын», он «күміс», он «қола». Ресей төрт «алтын», жеті «күміс», төрт «қола» медальмен бесінші орында.

Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 21 дейін жалғасады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button