Хабар

Биыл бала туу көрсеткіші бойынша тағы рекорд тіркелуі мүмкін – министр

Соңғы үш жылда Қазақстанда 1,5 миллионға жуық бала дүниеге келді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Қазіргі таңда Қазақстан, жалпы Орталық Азия елдері үлкен демографиялық өзгерістердің алдында тұр. Ол демографиялық өзгерістерді жарылыс деп те айтуға болады. Толқын басталып кетті. Оның үстіне екінші толқын қосылып жатыр. Ол – миграция толқыны. Екі күн бұрын БҰҰ дүниежүзіндегі 8 миллиардыншы тұрғын дүниеге келгенін жария етті. 7 миллиардтан 8 миллиардқа соңғы 12 жылда жетіп отырмыз. Яғни, дүниежүзінде халық саны күрт артуда», – деді ол Отбасы, демография және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми конференция барысында.

Оның атап өтуінше, бұл тенденция елімізге де, аймаққа да қатты әсер етеді.

«Соңғы үш жылда Қазақстанда 1,5 миллионға жуық бала дүниеге келді. Қуантатын жайт, шүкір етуіміз керек. Осы жылдың қорытындысында 500 мың бала дүниеге келеді деген болжам бар. Былтыр 456 мың бала, алдыңғы жылы 426 мың бала дүниеге келді. Бұл 3 жыл қатарынан демографиялық рекорд саналады. Соңғы рет мұндай рекорд 1987 жылы тіркеліп, 417 мың сәби дүние есігін ашқан еді», – деді Саясат Нұрбек.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button