
Хабар
Пеле Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға уәде берді
Аты аңызға айналған футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеле Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға ниетті, деп жазды kazsport.kaztrk.kz.
«Мен емделіп жатырмын, 21 тамыз күні мерекелік іс-шараның жабылуына қатысқым келеді. Сіздерді жақсы көремін», – деп жазды әйгілі футболшы өзінің твиттер парақшасында.
Айта кетейік, Пелеге Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Олимпиада алауын жағу ұсынылған болатын, алайда ол бүкіл әлем алдына таяққа сүйеніп шығуды қаламады. Нәтижесінде 5 тамыз күні алауды 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында қола жүлде иеленген 46 жастағы марафоншы Вандерлей Кордейру ди Лима жақты.