Хабар

Оқушыларға арналған «Тұлға болам» атты үшінші кітап оқу сайысы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай биыл «Шұғыла» қоры мен «Дария» дамыту орталығы үшінші «Тұлға болам» кітап оқу сайысын ұйымдастырғалы отыр.

Кітап оқу сайысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтеді.

«Шұғыла» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Leportem» ЖШС құрылтайшысы Азат Тапишев қазіргі балалар гаджеттерден бас алмайтынын, бұл құбылыс жастардың болашағына кері әсер ететінін айтады.

“Қазір қоғамда әртүрлі проблемалар бар. Солардың бірі балалардың гаджеттерге байлануы. Ондай балаларда сабырсыздық, ойлана алмау, болашақты жоспарлай алмау мәселесі болады. Біз соның шешімі ретінде балаларды кітап оқуға баулығымыз келеді. 25 жасқа дейін баланың миында нейрон құрылады екен, яғни өмір бойына пайдаланатын үрдістер қалыптасады. Алайда, интернеттегі мардымсыз мағлұматтардың көптігінен баланың ойлануға қажетті процесі ұйқыға кетеді екен. Ойлану үрдісін іске қосу үшін бар болғаны 20 минут қажет. Бірақ әр 15 минут сайын гаджетке үңілу салдарынан ойлану процесін үзіп тастайды екенбіз. Сол себепті ойлана алмайтын балалар саны әлем бойынша өсіп жатыр. Онымен күрес үшін балаларға классик жазушылардың кітабын оқытуды таңдадық”, – дейді Тапишев.

Оның айтуынша, классик жазушылардың кітабын оқыған балалның ми жүйесінде ойлау нейрондары қалыптасады, оған қоса адамгершілікке, мейірбандыққа жақын болады әрі қоғамға өз үлесін қосады.

“Әдеби кітапты оқыған бала өмірде табысты болып қана қоймай, бақытты да болады екен. Абай атамыз айтқандай жүрек ақылы бар адамдар мейірімді болады. Сондықтан біз бүкіл Қазақстан балаларын кітап оқу арқылы мейрімділікке, адамгершілікке баулығымыз келеді. Дамыған АҚШ, Жапония, Оңтүстік Кореяда кітап оқуға көп мән берілген, соның арқасында жетекші елдер қатарында. Біздің кішкентай басмамыз ертеңгі ел эконоикасының гүлденуіне себепші болады деген үміттеміз. Жобаға қатысу тегін, ешкімнің қалтасына салмақ салмайды, тек кітап оқыса болды”, – деді ол.

«Тұлға болам» кітап оқу сайысы Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының және демеушілердің қолдауымен өтеді. Сайысқа 4 оқушылар тобы және 1 ересектер тобы қатысады. Əр топтың кітабы және жүлдесі бөлек. Сайысқа қатысушылар қазақ классиктері мен әлем классиктері кітабын оқып жарысады. Қатысушылар 3 кезенде 3 кітапты оқып бітіруге тиіс. Әр кезеңнің соңында кітап бойынша онлайн-тест өтеді. Сайыстың басты мақсаты- жастарды кітап оқуға құштарлығын ояту, оқушылар арасында кітап оқу дағдысын қалыптастыру әрі жандандыру. Сол арқылы төл құндылықтарымызды насихаттау.

3 кезеңнен тұратын сайыстың бірінші және екінші маусымына 50 және 100 мың аралығында сайыскерлер тіркелді. Сайыстың басты жүлделері: Стамбулға саяхат, MacBook, iPad, Apple Watch жəне басқа да бағалы сыйлықтар. Өткен маусымның бас жүлдегеріне Нұр-Сұлтан қаласынан 1 бөлмелі пәтер берілді.
10 наурызда сайыстың 3 маусымына тіркелу басталып, 9 сәуірге дейін жалғасады. Осы маусымның жүлделері: Стамбулға саяхат, MacBook, iPad, Apple Watch, велосипедтер және ақшалай сыйлықтар. Сайысқа қатысу тегін.

«Дария» даму орталығының директоры Ерболат Солтамұрат аталған сайыс басталғалы балалардың ата-анасынан алғыс хаттар көбейгенін айтады.

“Бұған дейін екі рет дәл осындай сайыс өткіздік. Содан бері ата-аналардан көптеген алғыс түріндегі комментарилер келіп жатыр. Көпшілігі «бұрын баламыз смартфонда отыратын еді, сайысқа қатысқалы уақытының көп бөлігін кітап оқумен өткізеді» деп жатыр. Басында бәрі сыйлықты ұтып алсам деген мақсатпен талпынып кітап оқыған, кейін ол дағдыға айналды. Яғни кітап оқу әдетке айналған. Сайысқа қатысушыларға жас ерекшелігіне қарай кітаптар бекітіледі. Осы жолы Ұлттық кітапханамен ақылдаса отырып 5 кітапты бекіттік”, – дейді Ерболат Солтамұрат.

Один комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button