Хабар

Б.Момышұлы туралы кітап түрік тілінде жарық көрді

Күллі қазақтың мақтанышы, Кеңес одағының батыры, әскери қолбасшы, даңқты стратег, қаламгер Бауыржан Момышұлының ерлікке толы өмір жолы қай кезде де жастарға үлгі екені даусыз. 24 желтоқсан – Бауыржан Момышұлының туған күні. Қазақ аспанындағы мәңгі өшпес шоқ жұлдыз ер Баукеңнің туған күніне орай ұйымдастырылатын игі іс-шаралар легі осылайша басталып та кетті.

Көзі тірісінде қанды қасап майданнан бөлек көптеген шет мемлекеттерді аралаған Бауыржан Момышұлы Фидель Кастроның шақыртуымен Кубаға барып, Фидельдің інісі Раульді әңгімелерімен баурап алғаны белгілі. Бостандық аралынан оралғаннан кейін жазған «Куба әсерлері» атты туындысы елдің жүрегінде сақталған. Жалпы Баукеңе деген құрмет ол бақилық болған соң да толастаған емес. Қазақстанның әр қиырында оның атындағы көшелер, мектептер, саябақтар жетіп артылады. 100 жылдығына орай 30 томдық та жарық көрді…

Ер Баукеңнің рухына көрсетілген тағы бір тағзым – Бауыржан Момышұлының 111 жылдығына орай Анкарада «Türkistan’ın od Balası» атты кітап тұсауының кесілуі. Кітаптың авторы – Анадолы елінің белгілі аудармашысы Ашур Өздемир. Тамаша кітаптың шығуына Қазақстанның Түркиядағы елшілігі зор ықпал еткен екен. Абзал Сапарбекұлы елшіліктің еселі еңбегінің арқасында осы жылы жоғарыдағы жинақты қоса есептегенде 22 кітап жарық көргенін атап өтті.

Egemen.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button