Хабар

Несие берешегі бойынша “қара тізімнен” қалай шығуға болады?

Жаңа қаулыға сәйкес, борышкерлерді оңалтудың үш бағыты бар.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі биыл теріс кредиттік тарихы бар және оны қайта құрылымдауды қажет ететін қарыз алушы-жеке тұлғаларды оңалту тетігін енгізді. Ол қарыз алушыға кредиттік бюролар жүйесінде “оңалтылды” мәртебесін беруді көздейді. Бұл мәртебе азаматтың кредитор алдындағы өз міндеттемелерін адал орындағанын растау болып табылады. Мәртебе алу үшін қандай да бір құжаттар талап етілмейді, рәсімді кредиттік бюро жүргізеді.

Оңалту тетігінде қарыз алушының санатына байланысты “оңалтылды” мәртебесін алу үшін 3 бағыт көзделген.

1. Мерзімі өткен берешек толық өтелген кезде кредит бойынша “оңалтылды” мәртебесі мерзімі өткен берешек өтелгеннен кейін 12 ай өткен соң және 30 күннен астам мерзімін өткізу болмаған жағдайда тағайындалады. Осы бағыт шеңберінде өз кредиттері бойынша 1,4 млн азамат “оңалтылды” мәртебесін алды.

2. Мерзімі өткен берешекті ішінара өтеген қарыз алушыларға қатысты банктер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар кредитті өтеудің барынша ыңғайлы кестесімен қоса оңалту жоспарын жасау үшін қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау бойынша жеке жұмыс жүргізеді. Осындай кредит бойынша “оңалтылды” мәртебесі берешектің барлық сомасы өтелгеннен кейін 12 ай өткен соң және 30 күннен астам мерзімін өткізу болмаған кезде оңалту жоспарын орындағаннан кейін тағайындалады. Қарыз алушы оңалту жоспарын орындамаған жағдайда оңалту рәсіміне өтінішті 5 жыл өткен соң қайта беруге болады.

3. Өздерінің кредиттерін оларды алған сәттен бастап өтемеген қарыз алушыларға қатысты “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2021 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген, қарыздар және микрокредиттер бойынша қарыз алушылардың проблемалық берешегін реттеудің жаңа сотқа дейінгі тәртібі қолданылады.

Материал fingramota.kz сайтының ақпараты негізінде әзірленді

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button