Хабар

Мұғалім балаларға келемеждеудің соңы неге әкелетінін түсіндірудің тамаша амалын тапты

Бүгін сабаққа екі қызыл әдемі алма алып келдім. Балалар мұны көрмеді, бірақ алманың біреуін білдіртпей, бірнеше рет еденге ұрып алдым, ал сыртынан олар бірдей-тұғын.

Мен алманы қолыма алып (еденге құлағанын), оның қандай сұрықсыз екенін айта бастадым: қисық және түсі де жаман дедім. Кейін балаларға маған қосылуын сұрадым (олар мені есінен адасты деп ойлап қалды, білем) және алманы бірдеңе деп келемеждеулерін сұрадым. Оған қандай ғана ат қоймадық десеңші: «Сасық алма», «Сені кім жейді дейсің» және т.б. Менің тіпті оған жаным ашып кетті.

Ал кейін мен екінші алманы алдым, біз оны барынша мақтауға тырыстық: «Сен тамаша алмасың», «Сенің қабығың сондай балғын», «Түсің жарқын». Мен балаларға екі алманы да көрсеттім – оларды айыру мүмкін емес еді, екеуі де сыртынан тартымды. Бірақ осы кезде мен қолыма пышақ алып, екі жемісті де ортасынан бөлдім: олардың біреуі тегіс, іші әдемі болды, ал біз жаман сөздер айтып тастаған екіншісінің ішінде дақтар пайда болып, көгеріп қалғаны байқалды.

Осы кезде балалардың ойында бірдеңе жарқ ете қалды деп ойлаймын. Өмірде де осылай: адамның көңіліне тиетін сөздер айтқанда, оның жанын жаралаймыз – дәл алманың ішіндегі дақтар сияқты. Келемеждердің құрбаны болған адамдар (балалар) ішкі дүниесінде не болып жатқанын білдірмейді, алма болмаса, біз мұны көрмейтін де едік. Сыртынан адам бақытты, көңілді болып жүруі мүмкін, бірақ ішінде біреудің жасаған ауыртпалығынан қайғырып жүруі мүмкін.

Және біздің мұны түзеуге мүмкіндігіміз бар. Жағымсыз, көңілге тиетін сөздер адамға қаншалықты зиян тигізетінін біз балаларға көрсете аламыз. Біз балаларымызды бір-бірін қорғауға, мейірімді болуға үйрете аламыз. Сөз – бұл жұдырық емес, ұра алмайды, бірақ ол жүректі жаралауы мүмкін. Сондықтан айтатын сөзіңізге абай болыңыз.

Дереккөз: bilim-all.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button