Хабар

Көшеде көліктегі музыканы қатты ойнату қаншалықты заңды

Көшеде көліктегі музыканы қатты ойнату қаншалықты заңды? Ішкі істер министрлігінің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде БАҚ өкілдері осындай сауал қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сұраққа ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев жауап берді.

Оның айтуынша, ереже бойынша кейбір жол қозғалысына қатысушылардың жеке құқықтары басқа қатысушылардың құқықтарын бұзбауға тиіс.

«Яғни, жол қозғалысына қатысушылардың бәрі өзара сыйласып, қозғалысқа қауіпсіз жағдай жасауға, басқа қатысушыларға кедергі жасамауға міндетті. Мұндай фактілер анықталған жағдайда азаматтарға шектен тыс әрекеттерді сурет пен видеоға түсіруді ұсынамын. Содан кейін Әкімшілік полиция комитетіне хабарлауға немесе «102» нөміріне хабарласуға болады», – деп түсіндірді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button