Енді банктер кепілге қойылған баспананы тартып алмайды

Бұдан былай банкке бөрышкерлер кепілге қойған үйлерінен қуылмайды.

Банк өзіне қарыз адамдармен мәмілеге келе бастаған сыңайлы деп хабарлайды  BNews.kz.
Барым осы деп басындағы бір ғана баспанасын кепілге қойғандар бұдан былай пәтерімнен айырылып қалам-ау деп алаңдамайды. Банк өз тұтынушыларымен арадағы келісімшартқа өзгертулер енгізіп, қиналған халықтың көңіліне тағы бір демеу болып жатыр.
Бұған дейін үйлерін кепілге қойған азаматтарды сол үйінен күштеп шығарып келген. Осыны тоқтату үшін Ұлттық банк, екінші деңгейлі банктер мен Алматы әкімдігі, қоғамдық бірлестіктер төртжақты мәмілеге қол қойды. Яғни, бұдан былай 3 ай мерзім ішінде несиесін қайтара алмай жүргендер банкке келіп, басындағы жағдайымен бөлісуі тиіс. Алайда, бұл борышкер несиесін төлемейді деген сөз емес. Тек шамасына қарай төлеу шарттары жұмсартылады.+
Қазіргі таңда елімізде әне-міне үйінен қуылуға шақ отырған 40 мыңға жуық отбасы бар. Ал төртжақты қол қойылған құжат осы түйткілді шешуге септігін тигізеді, дейді Ұлттық банк өкілдері.
«Борышкер өз еркімен банкке келіп, қаржылық қиындықтары барын ашық айтуы тиіс. Осылай бола тұра, қарызын өтеуден бас тартпайтындығын білдірсе, банк өкілдері оған түсіністікпен қарап, әр борышкерге қарызды өтеудің жолдарын бірлесіп қарастыратын болады» — деп түсіндірді Ұлттық банктің басқарма басшысы Александр Терентьев.

Автор:

Читайте также

Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov-та онлайн түзете алады

Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov арқылы онлайн түзету мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.