Елімізде қандай пойыз билеттері қымбаттайды?
Биыл 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар бағыттарда теміржол билеттерінің бағасы 7 процентке көтеріледі, – деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда халық жиі жүреді. Сол себепті осы санаттағы пойыздар мемлекет тарапынан субсидиялар бөлініп тұрады. Олар 106 бағытта жүреді. Соның ішінде 9 мемлекетаралық бағдар бар. Бүгінде COVID-19 пандемиясына байланысты мемлекетаралық пойыздардың қатынасы тоқтатылды. Ал ішкі бағдарлардың саны қысқарып отыр. Қазіргі кезде әлеуметтік маңызы бар 32 бағдарда теміржол тасымалы ұйымдастырылған.
Билет бағасы 7 процентке көтерілетін бағдарлар:
- №003/004 – Нұр-Сұлтан – Алматы;
- №010/009 – Нұр-Сұлтан – Алматы;
- №011/012 – Алматы – Шымкент;
- №021/022 – Қызылорда – Семей;
- №024/023 – Ақтөбе – Алматы;
- №025/026 – Алматы – Шымкент;
- №031/032 – Павлодар – Алматы;
- №033/034 – Ақтөбе – Алматы;
- №037/038 – Нұр-Сұлтан – Маңғыстау;
- №041/042 – Алматы – Атырау;
- №047/048 – Нұр-Сұлтан – Атырау;
- №053/054 – Нұр-Сұлтан – Достық;
- №067/068- Нұр-Сұлтан – Өскемен;
- №77/78 – Алматы – Маңғыстау;
- №085/086 – Нұр-Сұлтан – Сарыағаш;
- №258/257 – Нұр-Сұлтан – Достық (жазғы уақытта);
- №313/314 – Атырау – Маңғыстау;
- №321/322 – Алматы – Сарыағаш;
- №339/340 – Павлодар – Преснегорьковская;
- №351/352 – Алматы – Өскемен;
- №353/354 – Нұр-Сұлтан – Семей;
- №373/374 – Алматы – Жезқазған;
- №379/380 – Алматы – Орал;
- №603/604 – Нұр-Сұлтан – Арқалық;
- №613/614 – Орал – Ақтөбе;
- №623-627/624-628 – Нұр-Сұлтан – Қызыл-Ту – Петропавл;
- №673/674 – Павлодар – Нұр-Сұлтан;
- №692/691 – Ақтөбе – Атырау. Тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондар:
- №21/22 – Алматы – Семей;
- №77/313 /314/78 – Алматы – Құлсары;
- №22/6941/6942/21 – Алматы – Достық (жазғы уақытта).
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7%-ке артады», – делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми хабарламасында.