Хабар

Пойыз билетін енді аралық станциядан қайта отыру мүмкіндігімен алуға болады

Бұл қызмет түрі әзірге бірнеше бағыт бойынша ғана жарамды.

Жолаушылар bilet.railways.kz сайтынан онлайн билеттерді сатып алғанда “Қайта отырғызып жеткізу/құрама маршрут” жаңа қызметін пайдалана алады, деп хабарлады “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі.

Тікелей байланыс немесе бос орын болмаған жағдайда, жаңа қызмет түрі пойыздан пойызға ауысатын маршрутты таңдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қызметті Қостанай-Семей, Екібастұз-Алматы, Ерейментау-Орал, Петропавл-Ақтөбе, Шымкент-Арқалық, Шымкент-Петропавл, Қостанай-Шымкент, Атырау-Семей және тағы басқа бағыттар бойынша билет сатып алғанда пайдалануға болады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button