Хабар

Елімізде жануарларды азаптағаны үшін 14 жастан бастап жазалауды ұсынды

Қазақстанда жануарларға қатыгездік жасағаны үшін 14 жасынан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды.

“Қылмыстық жауаптылық жасын 14 жасқа дейін төмендету ұсынылды, бұрын ол 16 жас болатын”, – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айбек Өскембаев ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ, 316-бап – “Жануарларға қатыгездік жасау” бойынша айыппұл түріндегі санкцияны екі мың АЕК-тен бес мың АЕК-ке дейін, қоғамдық жұмыстарды – 600-ден 1000 сағатқа дейін күшейту және екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру ұсынылды.

“Қылмыстың өзі қылмыстық теріс қылықтар қатарынан жалпы ауырлығы орташа қылмысқа ауыстырылады. 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. ӘҚБтК-нің 408-бабы – “Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу” бойынша ескерту түріндегі жазаны алып тастауды ұсынамыз. 408-баптың 2-бөлігінде айыппұлды 10-нан 20 АЕК-ке дейін ұлғайту. Бұл ұсыныстарды ІІМ бас прокуратураға енгізді, онда ұсыныстар мақұлданды. Болашақта жұмыс топтарының отырыстарында қаралған кезде бұл нормалар өз орнын табады деп ойлаймын”, – деп толықтырды Өскембаев.

Бұған дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұлды 2000 АЕК-ке дейін арттыруды ұсынған еді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button