Хабар

Қазақстанда оқу шығыны неге қымбат? Зерттеу мәліметтері

Қазақстанда арнайы интеллектуал мектептердегі бір оқушыға кететін шығын кәдімгі мектептегіден 6 есе көп.

Қырғызстан оқушылары PISA-ға қатысушы елдер арасында сауат деңгейі бойынша екі рет соңғы орында тұрды. Тәжікстанда бастауыш мектеп бітіргеннен кейін оқушылардың саны 2-3% азаяды. Өзбекстанда әр алтыншы мектеп қана цифрлық білім беру платформасына қосылған. Мәліметтер “Орта Азия елдеріндегі білім теңсіздігінің жаңа қырлары: мәселені зерттеу және білім саясатын өзгерту” жобасы аясында жария болды.

“Бұл – Орталық Азия мемлекеттеріндегі сапалы орта білімге тең емес қол жеткізу тереңдігін көрсететін бірер факт қана. Covid-19 пандемиясы және соның салдарынан қашықтан білім беруге ауысу теңсіздікті күшейтті. Бұл тұрғыда кедей немесе ауылды жерлердегі балалар мен жасөспірімдерді баса айтқан жөн” – дейді жоба зерттеушілері.

Өзбекстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша дүниежүзінде соңғы он елдің қатарына кіреді. Тіркелген кең жолақты байланыс жылдамдығы бойынша республика аймақтағы барлық көршісінен (Түркіменстаннан басқа) алда тұр.

Тәжікстан онлайн режимде оқытуға ауыса алмай, 4 айға жуық білім беру процесін тоқтатты. Мұндай шешім байланыстың қол жетімсіздігіне, қымбат екеніне және сапасының төмендігіне байланысты болды.

Қырғызстандағы мұғалімдердің үштен екісі өткен көктемде онлайн білім беруге көшуге дайын болмады. Мұғалімдер ұялы телефонды өзі сатып алуға және байланыс ақысын өз бетінше төлеуге тура келгенін айтты.

Қазақстан оқушыларының шамамен 10%-інде дербес компьютер жоқ. Алғаш рет Қазақстанға көрсетілген гуманитар көмекке медицина қорғаныс құралдары ғана емес, оқушыларға арналған ноутбуктер де кірді.

Оған қоса, республикалардың әрқайсында – үкімет те, қоғам да – пандемия басталғаннан бастап білім берудегі теңсіздікті жоюға күш салды.

Осылайша, Қырғызстанның ұлттық байланыс операторы оқытушылар мен студенттерге арнайы жеңілдік тарифін ұсынды. Өзбекстанда краудфандинг және Еуропалық даму банкі қаражаты арқылы білім берудің онлайн-платформасы іске қосылды. Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған 6 мыңнан астам телевизиялық сабақ жазылып, республикалық арналарда көрсетілді. Тәжікстанда Білім министрлігі электрон курстар мен қатқыл дискілердегі материалдарды мектептерге таратып жатыр.

Дүниежүзілік банк зерттеуі бойынша, білім берудегі теңсіздік деңгейі жоғары елдер кедейлікті ұрпақтан ұрпаққа қалдыруға бейім (“кедейлік қақпаны”). Халықаралық институт бағалауы бойынша, 2020 жылдан бастап 20 жылдан астам уақыт ішіндегі алғаш рет аса үлкен кедейлік артпақ.

Ақпарат көзі: informburo.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button