Хабар

Екпе пунктерінде вакцинаның қанша дозасы бар

Ел аумағындағы екпе пункттерінде коронавирус вакцинасының 2,3 миллионнан астам дозасы бар. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентін 6,4 млн адам қабылдады. Вакцина алуға жататын халықтың қамтылу деңгейі – 62 пайыз. Екінші компонентті 5 миллионнан астам адам алды. Вакцина алуға жататын халықтың 50 пайызы қамтылды. Вакцинациямен қамту деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткіш 9 өңірде – Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Атырау облыстарында тіркелді», – деді ведомство басшысы.

Оның айтуына қарағанда вакцианның бірінші дозасын алғандардың ең төменгі көрсеткіші Маңғыстау облысында тіркелген – 38 пайыз.

«Барлық екпе пункттерінде бірінші компоненттің 1,4 млн дозасы, екінші компоненттің 940 мың дозасы бар. Жеткізу кесте бойынша жалғасып жатыр», – деді Алексей Цой.

Сондай-ақ, ол Үкімет отырысында күздегі эпидахуалдың үш сценарийдегі ықтимал болжамын айтты.

«Министрлік қараша айына дейінгі эпидемиологиялық болжамды жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында 6 300 жағдайға, қазан айында 2 400 жағдай жетеді. Шынайы сценарий бойынша қыркүйекте 5 400 жағдайға, қазанда 1 800 жағдайға жетеді. Оптимистік сценарий жағдайында қыркүйекте 4 200 жағдайға, қазанда 1 300 жағдайға жетеді», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button