Хабар

Дәрігерге жазылу, анализ тапсыру секілді амбулаторлық қызметтер бағасы қанша және қай қалаларда арзан?

Республикада амбулаторлық қызметтер орташа есеппен бір жыл ішінде 6% қымбаттады.

2021 жылдың шілде айында амбулаторлық қызметтер алдыңғы айға қарағанда – 0,2%, ал өткен жылға қарағанда 5,7% қымбаттады, деп хабарлады Energyprom.kz.

Бір жыл ішінде:

  • дәрігердің алғашқы қабылдауы – 7,3%;
  • тіс дәрігері қызметі – 5,6%;
  • амбулаториядағы мамандандырылған дәрігерлер – 3,6%;
  • медициналық зертхана мен рентген кабинеттері қызметі 3,3% қымбаттады.

Бір ай ішінде:

  • дәрігерге көріну – 0,4%;
  • тіс дәрігері қызметі – 0,1%;
  • амбулаториядағы мамандандырылған дәрігерлер – 0,3%;
  • медициналық зертхана мен рентген кабинеттері – 0,2%;
  • шипажай қызметтері – 1,1%, ал жылына 10,1% қымбаттады.

Осы аталған қызметтер бағасы республиканың барлық 17 өңірінде қымбаттаған. Бір жылда баға бәрінен көп келесі өңірлерде өскен:

  • Атырау облысы – 11,2%;
  • Қостанай облысы – 10,3%;
  • Маңғыстау облысында – 10,2%.

Ал керісінше ең аз өсім:

  • Қарағанды облысы – 1,9%;
  • Түркістан облысы – 2,2%;
  • Алматы облысыннда – 2,5%.

Шілде айында дәрігерге бірінші рет жазылудың орташа бағасы 3,5 теңге болды. Ең жоғары бағалар:

  • Атырау – 5,3 мың теңге;
  • Алматы – 4,6 мың теңге;
  • Шымкент – 4,5 мың теңге.

Ал керісінше бәрінен арзан баға Түркістанда тіркелді: 2,1 мың теңге.

Елде құрсақ қуысын ультрадыбыстық зерттеудың орташа бағасы 4 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1% қымбат.

Ең жоғары баға келесі өңірлерде тіркелді:

  • Ақтау – 5,1 мың теңге;
  • Алматы – 5,1 мың теңге;
  • Орал – 2,6 мың теңге.

Қанның жалпы талдауы орташа есеппен 1,2 мың теңге болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,8% қымбат. Ең жоғары баға Өскемен қаласында – 1,5 мың теңге, ал ең арзан баға Талдықорған қаласында болды – 716 теңге.

Жалпы зәр анализінің бағасы 729 теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7% көп. Аталған анализ үшін бәрінен көп Шымкент қаласының тұрғындары төледі – 878 теңге, ал керісінше ең аз баға Талдықорғанда болды – 592 теңге.

Шипажай қызметтері тәулігіне 12,6 мың теңге болды:

  • ең жоғары баға Нұр-Сұлтанда – 18 мың теңге;
  • ең төмен баға Қарағандыда – 10,5 мың теңге.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button