Без рубрики

Қарағанды облысында тұрғын үй сатып алу үшін жаңа жеңілдетілген бағдарламалар іске қосылады

Құрылыс көлемі бойынша Қарағанды облысы республикада төртінші орында. Өңірде тұрғын үйді пайдалануға беру жыл сайын өсіп келеді. Кезекте тұрғандарды пәтерлермен қамтамасыз ету екі есеге артты.

Құрылыс саласын дамыту тақырыбы онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте талқыланды.

“2021 жылдың 11 айында «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында көлік, ірі өнеркәсіп нысандарын салу және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі 381,2 млрд теңге сомасына орындалды. Егер бұрын орта есеппен жылына кезекте тұрғандарға мыңға жуық пәтер берілсе, соңғы жылдары бұл көрсеткіш 2-2,5 мың пәтерге ұлғайды. Биыл тұрғын үй құрылысының өсу қарқыны сақталып отыр. Жыл қорытындысы бойынша 662 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ол 2019 жылдың деңгейіне қарағанда 60%-ға артық”, – деп баяндады құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Абзал Жайлыбаев.

Ол жеке инвесторлардың тұрғын үй құрылысына белсенді қатыса бастағанын атап өтті.

Облыста бюджет есебінен әлеуметтік тұрғын үйдің үлесі 15-16% – ды құрайды, қалғаны – жеке құрылыс.

“Біз «Отбасы банкпен» белсенді жұмыс істейміз. Бірқатар жаңа ипотекалық бағдарламаларды іске қосамыз. Бұл жастарға арналған несиелік тұрғын үй. Оған облыстық бюджетте бастапқы қаражат қарастырылған, әрі қарай бұл сома екі есеге артады. Сондай-ақ, Қарағандыда және төрт серіктес қалада жұмыс істейтін кеншілер мен металлургтерге арналған бағдарлама енгізілуде”, – деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Аппараттық кеңесте әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту туралы да айтылды. Биыл 10 білім беру, жеті денсаулық сақтау, 11 спорт, екі мәдениет нысандарының құрылысына қаражат бөлінді.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button