Хабар

Биылдан бастап колледжге түсу құжаттары тек Egov жүйесінде қабылданады

Сондай-ақ, 9-сынып түлектері үшін мемлекеттік тапсырыс саны артады.

Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова биыл техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша орындалатын жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндады.

“Өткен жылы колледжге қабылдау ережесін жаңарттық. Қабылдау емтиханын алып тастадық, түлек колледж бен мамандықты өзі таңдайды. Бірінші рет кәсіби диагностика енгіздік. Қабылдау квоталарының саны 6-дан 9-ға дейін артты. Мемлекеттік тапсырыс автоматтандырылып, оған қатысатын колледждерге қойылатын талаптар анықталды”, – деді Насымжан Оспанова.

Департамент директорының айтуынша, өткен жыл қорытындысына қарай, биыл бірнеше жұмыс жоспарланған.

“Атап айтқанда 9-сынып түлектері үшін мемлекеттік тапсырыс саны артады. Мемлекеттік тапсырысқа қатысатын колледждерге қойылатын талап қатаңдатылады. Сондай-ақ, биыл қағаз түрінде құжат қабылдау жүйесін алып тастаймыз. Енді құжат egov.kz жүйесі арқылы қабылданатын болады”, – деді Насымжан Оспанова.

Сондай-ақ, президент тапсырмасына байланысты колледждерді кәсіпкерлердің қамқорлығына беруді дамыту жоспарланған. Соның ішінде материалды-техникалық базаны жетілдіру, студенттердің өндірістік тәжірибеден өту мәселесін ұйымдастыру мен педагогтардың тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button