Хабар

Балалар мен жасөспірімдер арасында I have a dream байқауы басталды

Эссе байқауына 14 жасқа дейінгі балалар, көркем шығарма байқауына 13 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатыса алады, деп хабарлайды informburo.kz.

16 наурыздан 25 сәуірге дейінгі аралықта балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық “I have a dream” эссе және көркемөнер байқауы өтеді. Жобаның ұйымдастырушылары – Қазақстандағы “Шеврон” компаниясы, АҚШ-тың Бас консулдығы, American Space Almaty, “Тартпа” шығармашылық бірлестігі мен Vласть интернет-журналы.

“Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан небір қиын-қыстау кезеңді басынан өткерді. Қазір заман өте жылдам өзгереді. 1990 жылдары дүниеде келген ұрпаққа қарағанда қазіргі жасөспірімдер тәуелсіз Қазақстанда өскен. Ал сол ұрпақтың арманын қазір білсек, еліміздің болашағын да елестете аламыз. “I have a dream” жобасы Қазақстанның жаңа буынына үн беріп, оларды жақсырақ тануды көздейді. Біз оларға болашақта өмірі мен кәсіби жолын қалай елестететіні жайлы, елін, қаласын, қоғамды қалай көретіні туралы айтып беруді ұсынамыз”, – дейді байқау ұйымдастырушылары.

Байқау шарттары:

* Эссе байқауына 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Шағын әңгімелер www.dreams.vlast.kz сайтында қазақ немесе орыс тілінде қабылданады. Ең қызық деген жұмыстар кітапқа басылып, сайтқа жарияланады. Жеңімпаздарға кітап, журнал және курстарға қатысу сияқты бағалы сыйлықтар беріледі.

* Көркем шығарма байқауына 13 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерден сурет, коллаж, компьютерлік графика, аппликация сияқты сан қырлы шығармашылық жұмыстар www.letsdream.kz сайтында қабылданады. Байқау жеңімпазына iPad беріледі.

* 15 мамырға дейін баспагерлер, өнер мен мәдениет қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, әлеуметтанушылар және журналистерден құралған арнайы комиссия жұмыстарды бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.

* Қатысу үшін байқау сайтында өтінім толтырып, жұмысты қоса тіркеп жіберу керек. Толық ақпаратты байқаудың арнайы порталынан білуге болады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button