Хабар

Биыл 1-сыныптар үшін сабақ жаңа форматта басталады – министрлік

Қыркүйек-қазан айлары аралығында бірінші сынып оқушылары 35 минуттан оқиды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«2-11 (12) сыныптардағы сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші сыныптарда оқу уақыты сатылы режимде енгізіледі. Яғни, қыркүйек айында бірінші сынып оқушылары – 35 минуттан үш сабақ оқитын болады. Ал қазан айынан бастап 45 минуттан білім алады – санитариялық қағидаларға сәйкес, сабақ уақытында дене шынықтыру және көзге арналған гимнастика жаттығулары жасалады», – деп жеткізді министрліктің баспасөз қызметінен.

Сондай ақ, биыл мектеп ғимаратын шарлармен безендіруге рұқсат етілмейтіні мәлім болды.

«Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру ұйымдары дербес айқындайды. Аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға; мерекелік дастархандар жаюға; мектеп ғимараты мен аумағын шарлармен безендіруге рұқсат етілмейді.

Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізіледі», – деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button