Хабар

Қарағанды облысында жайлы мектепті қай құрылыс компаниялары салады

Қарағанды облысында бірінші кезеңде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 10 нысан салу жоспарланған. Алғашқы конкурс нәтижесі белгілі болды. Жеті мектеп бойынша құрылыс компаниялары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында өткен кеңесте ұлттық жобаны іске асыру, елішілік құндылық үлесін арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесу онлайн және офлайн режимде өтті. Жергілікті құрылыс материалдарын, жиһаздар мен жабдықтарды өндіретін өндірушілер қатысты.

«2023-2024 жылдары бірінші кезеңде Қарағанды облысында 10 мектеп салу жоспарланған. Жеті мектеп бойынша конкурс нәтижесі белгілі болды. Аймақ бойынша құрылыс компаниялары анықталды: «Стинк ТФК» ЖШС, «Астана-Көктем С» ЖШС, «AN Groups» ЖШС, «BiGlobal» ЖШС және жобалау ұйымдары: «Гражданпроект» ЖШС, «IN JOY Project» ЖШС, «Engineering Center ltd» ЖШС, «Tortay Engineering Co» ЖШС. Анықталған жеңімпаздар ұлттық жоба операторы – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен шартқа қол қояды», – деді «Samruk-Kazyna Constracion» АҚ Қарағанды облысы бойынша өңірлік өкілдігінің жоба жетекшісі Индира Черманова.

ЕРС-шарт барлық процестерді бір уақытта іске қосуға мүмкіндік береді: жобалау, жабдықтар сатып алу және құрылыс.

«Қарағанды тауар өндірушілерінің пулы құрылды, кәсіпкерлердің қатысуымен техникалық ерекшеліктерді талқылау бойынша жұмыс тобы құрылды, семинарлар мен кәсіпорындарға сапарлар өткізілді. Біздің мақсатымыз – өңірдегі елішілік құндылықты дамыту және ұлттық жоба аясында отандық тауар өндірушілерді қолдау», – деп атап өтті ӨКП директоры Ернар Күлпейісов.

Естеріңізге сала кетейік, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы еліміздегі оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.

Қазіргі мектептер бірыңғай стандартқа сай салынады. Бұл қалалар мен ауылдарда сапалы білім алуға тең жағдай жасауға көмектеседі.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button