Новости

Бишімбаев киллер жалдайтын еді – қорғаушы Ғазымжанов

Әйелін ұрып өлтірді деген күдікті Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов айыптау актісіне қарсы шығып, “егер айыпталушы Салтанатты өлтіргісі келсе, Нүкенованы қаладан әкетіп, өлтіріп, көміп тастайтын еді” немесе “киллер жалдайтын еді” деп айтты.

“Айыпталушының жәбірленушіні өлтіруге ниеті мен ойы болмағанына оның ұрып-соғуға дейінгі, ұрып-соғу кезіндегі және ұрып-соққаннан кейінгі мінез-құлқы негізгі дәлел. Оның мұндай мінез-құлқын бәрі көрді және бәріңіз біліп отырсыздар. Нүкенованы ұрып-соғуға дейінгі мінез-құлқын талдайық. Елестетіп көрейік, егер Бишімбаев кісі өлтіруді жоспарласа, ол мұны өз қолымен жасай ма? Кісі өлтіру үшін кәсіби адамды жалдау әлдеқайда қауіпсіз, адамдар Бишімбаевтың бұған қатысы бар екенін ешкім білмейтін де еді. Бірақ Бишімбаев киллер жалдауға талпынған жоқ. Бишімбаев өз қолымен кісі өлтіргісі келді делік. Елестетіп көрейік – киллер емес, өзі қалады”, – дейді Ғазымжанов.

Бишімбаев кісі өлтіруге қаруды алдын ала дайындап, Нүкенованы қауіпсіз жерге апарар еді, деді адвокат.

“Жәбірленуші тараптың “Бишімбаев Дима Биланның концертінде Нукенованы өлтіруді жоспарлағаны және бұған “пальтоңды қалдыр, ол енді саған қажет болмайды” деген сөзі дәлел” деген нұсқасы сондай күлкілі. Алқабилердің бірі бұған сене ала ма? Неліктен ол кісі өлтіруді мұнша созады? Неліктен таңға дейін қарым-қатынасын талдайды? Оған бірдеңе дәлелдеп, оның талаптарын тыңдайды. Жәй ғана қаладан әкетіп, өлтіріп, көміп тастайтын еді”, – деді адвокат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button