Хабар

Баланы ата-әжесінің бауырына басу дұрыс па?

Психологтың айтуынша, балаға тікелей жауапты да, ең жақын адамдар да – әкесі мен шешесі.

Баланы ата-ананың бауырына беру дұрыс емес, дейді отбасы психологы Ержан Мырзабаев. Бұл туралы маман Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

“Маған келетін клиенттердің 99 пайызы – кезінде ата-әжесінің қолында өскен адамдар. Туғаннан бастап, алты жасына дейін, 3-12 жас аралығында деген сияқты ата-әжесімен тұрып, кейін ата-анасы мен бауырларының арасына келген. Сол бойы ата-анасы мен бауырларына сіңісіп кете алмаған”, – дейді Ержан Мырзабаев.

Маман мұны ата-ана мен баланың арасындағы эмоционалды қарым-қатынас құрудың маңызымен түсіндірді.

“Бала кішкентай кезінен ата-анасымен эмоционалды жақын қарым-қатынас құра алмайтын болса, өскенде ешкіммен байланыс құра алмайды: әйелімен, күйеуімен, баласымен, жұмысымен. Әрдайым өзін қоғамнан шеттетілген ретінде сезінеді. Сол үшін бұл өте қауіпті құбылыс. Балаға тікелей жауапты адам – әке-шеше, ең жақын адам да – әке-шеше. Ата-әже, нағашы, көке, бауыр, туысқан, көрші – әке-шешенің тәрбие процесіндегі көмекші құралдар. Кейде бала бір нәрсені көріп, үйренуі үшін ғана ата-әжесінің, туысқандардың жанына уақытша жіберуге болады. Бірақ мұның бәрі ата-ананың қадағалауында, бақылауында және жоспарлы болуы тиіс”, – дейді Ержан Мырзабаев.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button