Хабар

Балаларды қорғау күні Қарағандыда қандай іс-шаралар өтеді?

Қарағандыда балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шаралар дайындалды. Қаланың саябақтары мен мәдени мекемелерінде 1 маусымда шығармашылық ұжымдардың қойылымдары, сән көрсетілімдері, байқаулар, спорттық жарыстар және тағы басқа шаралар өтеді.

SONY DSC

Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаң, 13:00

Арбалар шеруі және концерттік бағдарлама.

Орталық саябақ

11:00–12:00 – қазақтың ұлттық киімін көрсету;

12:00 – “Ана мен бала” – ұлттық спорт түрлерін ұйымдастыру, зергерлік бұйымдар жәрмеңкесі;

12:00 – “Астана” БЖК фотосушкасы “Сәлеметсіз бе, жаз!”, асфальттағы суреттер байқауы;

12:00–13:00 – “Қарақат” музыкалық мектеп-студиясы;

13:00–13:20 – LittleВig театр және би кеңістігі;

13:20–14:00 – “Очаровашки” би ұжымы;

14:30–15:30 – Қарағанды эстрада театры;

16:00–17: 30 – “Жолың болсын, түлек” КМС концерттік бағдарламасы.

Орталық саябақтың солтүстік-батыс бөлігіндегі иттерді үйрету алаңы, 14:00

ҚР ІІМ кинологтарының қызметтік иттермен көрсететін қойылымы.

Майқұдық Саябағы

11:00 – “Жаздың түстері!”: Көңілді эстафеталар, асық ату, Майқұдық балалар мен жасөспірімдер клубтарының қатысушылары арасында арқан тарту;

11:00 – футбол және баскетбол ойындарын өткізу;

12:00–13:30 – “Балалық шақтың сиқырлы әлемі” балалар шығармашылық ұжымдарының қалалық фестивалі;

13:30–14:30 – Жаңа Майқұдық МҮ бағдарламасы SMart-мектеп, “Руханият” қосымша білім беру орталығы” КМҚК;

14:30–15:10 – “Шолпы” ансамблінің бағдарламасы (Теміртау қ.);

15:10–16:10 – “Қарақат” музыкалық мектеп-студиясы.

“Молодежный” МҮ алдындағы алаң, 12:00

“Біз бақытты баламыз” ойын-сауық бағдарламасы.

Жаңа Майқұдық МҮ алдындағы алаң, 12:00

“Балдәурен” концерттік-ойын-сауық бағдарламасы.

Теміржолшылар МҮ алдындағы алаң, 10:00

“Балалық шақ – Мен және Сен” мерекелік іс-шарасы.

Зоологиялық саябақ

12:00 – фитнес-жаттықтырушының қатысуымен спорттық бағдарлама (ойындар, спорттық сабақтар, конкурстар);

14:00 – “Карамелька” студиясының аниматорларының шоу-бағдарламасы.

Абай атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы, 18:30

Библио ымырт “БҒА-70″ Библиоғарыштық аймақ”.

К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры, 12:00

“Алтын тауық” ертегісі.

“Карат” ат клубы, 11:00

Қарағанды облысының конкур бойынша чемпионаты.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button