Хабар

Ажар Ғиният: Қазақстанда “құрсақтағы нәрестені қорғау” бөлімшелері құрылады

Пренатальды ультрадыбыстық зерттеу диагностикасының қосымша 100 маманын оқыту жоспарланып отыр.

Облыстық перинаталдық орталықтарда “құрсақтағы нәрестені қорғау” бөлімшелері құрылатын болады, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

“Құрсақтағы нәрестені қорғау” республикалық орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Ол UMC корпоративтік қорының “Ана мен бала” орталығы және облыстық перинаталдық орталықтардағы тиісті бөлімшелер базасында құрылады”, – деді министр.

Мұнымен қатар, Ажар Ғиният отандық медицинаның ұрық дамуының туа біткен ақауларын ерте анықтау үшін пренаталдық скринингтің жаңа заманауи әдіснамасына көшетінін мәлімдеді.

“20 ауданаралық ауруханада перинаталдық көмектің үшінші деңгейлі босандыру бөлімшелері ұйымдастырылады. Әдіснамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бөлігінде шала туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету жетілдіріледі. Бұл шара кезінде катамнездік бақылау қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, пренатальды ультрадыбыстық диагностика қызметі жетілдіріледі. Қосымша 100 маманды оқыту, сондай-ақ өңірлерді УДЗ сараптамалық сыныбының аппараттарымен жарақтандыру жоспарланып отыр”, – деді Ажар Ғиният.

Еске салсақ, Чикаго ғалымдарының жүйке жасушаларын қалыпқа келтірудің жолын тапқаны туралы хабарлаған едік. Зерттеу жұмысы Паркинсон ауруын емдеуге де көметесе алады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button