Хабар

Қарағандылық дәрігерлер былтыр бөгде зат жұтқан 170-ке жуық баланы құтқарды

Қарағанды қаласындағы облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бүлдіршіндердің асқазан, тыныс жолдарынан шыққан бөгде заттардың «көрмесін» өткізді.

Қарағандылық дәрігерлер кішкентай баланың немен ойнап отырғанын әрдайым қадағалауды сұрайды. Себебі, сәби өз өміріне аса қауіпті бұйымдарды жұтып қоюы әбден мүмкін. Айтуларынша, балалар көбіне тиын, түйме секілді ұсақ заттарды жұтып қояды.

«Біз балалардың ішінен неше түрлі бұйымдарды шығарамыз. Олар көбіне тиын жұтады. Тиынды өңештен, кейде асқазаннан табамыз. Сондай-ақ, тыныс алу жолдарынан жаңғақтарды, шемішкенің қабықтарын да аламыз», -дейді эндоскопия бөлімінің еңгерушісі Медет Омаров.

Бөгде затты жұтып қойған баланың іш-құрылысы әуелі рентгенге түсіріледі. Емдеу әдісі соның нәтижесіне қарай бекітіледі, яғни жеңіл болса анестезиясыз, ал баланың жанына бататындай қиындығы болса, онда ота анестезиямен жасалады.

«Ата-аналар өте мұқият болуы керек. Ауызға сиятын заттарды жинап отырулары қажет. Баланың қолына түспеуі үшін. Жұтып қойған жағдайда жедел жәрдем шақырсын. Ал, жедел жәрдем келгенге дейін баланы еңкейтіп, құстыруға болады», – деп түсіндірді дәрігер.

Бір қызығы, ауруханаға жүгінген кейбір ата-аналар баласының ішінен шығарылған бөгде затты естелік үшін өздерімен бірге алып кетеді екен.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button