Воскресенье, 19.09.2021

Ауыл халқы таңдауын жасайтын күн

Алдағы жексенбі, яғни 25 шілдеде республикамыздың аумағында аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық окургтердің әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Осылайша, бұл күн де тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық шежіресіне тағы бір тарихи белес ретінде жазылатын болады.

Еске сала кетейік, ауыл әкім­дерін тікелей сайлау мәселесі – Мемле­кет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың саяси реформаларының маңызды тұстарының бірі. Бұл туралы Пре­з­и­дент өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақ­стан: іс-қимыл кезеңі» атты был­­­тырғы Жолдауында айтып, тап­­сыр­­­ма бергені белгілі. Таяуда осы­­ған орай өткізген кеңесте де «бұл – біз үшін стратегиялық мәні ай­рық­­ша мін­дет. Азаматтарымыз тұң­ғыш рет жер­гілікті атқарушы би­лік­тің бас­шысын тікелей сайлау мүм­­кін­ді­гі­не ие болмақ. Біз бұған бір­тін­деп, жос­­­пар­­лы түрде келдік», деп атап көр­­­­с­е­­те оты­рып, алдағы сая­си нау­қан­­ның ма­ңызына ерекше тоқталған болатын.

Расында да, ел ішінде осы науқанға жіті дайындық жүргізілді. Әкім сайлауы өтетін ауылдар нақтыланды, олардың саны – 730. Заңнамаға сәйкес сайлауалды жұмыстар атқарылды. Ал өткен 14 шілдеде аудандық маңы­зы бар қалалардың, ауылдардың, кент­тердің және ауылдық округтердің әкім­дігіне кандидаттарды тіркеу аяқталып, ел бойынша сайлауға қатысу үшін жалпы 2582 адам өз кандидатурасын ұсынғаны, оның 2297-сі немесе 88,9%-ы қажетті тіркеуден өткені белгілі болды. Бұл туралы Президенттің көмек­шісі Ерлан Қарин Telegram арнасын­да жазды. Сондағы келтірілген дерек­терге қараған­да, саяси партиялардан 878 адам (38,2%) ұсынылса, тіркелгендердің 1419-ы немесе 61,8%-ы өзін өзі ұсынғандар екен. Яғни әкім сайлауы ел азаматтары­ның тарапы­нан елеулі қызығушы­лық тудырған. Осыған орай, Қазақстан халқы бұл сайлауды да абыроймен өткізіп, әрбір сайлаушы өз таңдауын жасайды деп сенеміз.

egemen.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

Әлемдегі барлық ғаламшардың пішіні дөңгелек пе?

Біздің ғаламда кемінде сексен миллион планета бар. Бұл соншалықты үлкен сан, оны елестету мүмкін емес. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *