Хабар

Қазақстанда I топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жаңа жәрдемақы енгізілді

Осы жәрдемақы тағайындалуы үшін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне өтініш беру қажет.

Қазақстанда мүгедектіктің себебіне қарамастан I топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы енгізілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, оның мөлшері 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейін құрайды (2021 жылы – 48 023 теңге).

I топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдар жәрдемақы тағайындау үшін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне өтініш бере отырып, келесідей құжаттарды қоса тапчыруы тиіс:

  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, қандас куәлігі, азаматтығы жоқ адам, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат);
  • I топтағы мүгедекке қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат (осындай факт болған жағдайда);
  • күтім жүзеге асырылатын адамның мүгедектігі туралы анықтама;
  • сәйкестендіру үшін жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
  • психикалық денсаулық орталығында есепте тұру фактісінің жоқтығы туралы анықтама.

Бұдан басқа, күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның әрекет қабілеттілігі туралы мәліметтер жеке басын куәландыратын құжат бойынша ҚР Әділет министрлігінің “Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры” ақпараттық жүйесінде тексеріледі.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button