Арт-терапия: өнер ме әлде емдеу тәсілі ме?
Арт-терапия — психологияда жиі қолданылатын әдістердің бірі. Ол жаман ойлардан арылуға көмектеседі.
Арт-терапия дегеніміз не?
Арт-терапия — сезімдерді сурет арқылы жеткізу. Ол жасырынған қабілетті шығаруға, қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалауды үйретеді. Эмоцияны реттейді.
Арт-терапияның пайда болуы
1938 жылы суретші Адриан Хилл арт-терапия терминін алғаш қолданысқа енгізген. Науқастармен жұмыс істеу кезінде ол бір нәрсені байқады. Шығармашылық қайғыны ұмыттырады. Науқас аурумен күреседі. 1950 жылы АҚШ-та алғашқы арт-терапия қолданылды.
«Арт» — өнер, «терапия»- қамқорлық, емдеу.
Арт-терапияның түрлері
Арт-терапияға ертегі жазу, би, ән айту, ойын ойнау, фото-терапия, сурет салу кіреді. Ал қазір қуыршақ-терапия, музыка-терапия сияқты жаңа түрлері енгізілген.
Терапия қалай өткізіледі?
Осы арқылы науқас балалық шағындағы оқиғаларымен бөліседі. Содан кейін мазалап жүрген мәселелерін дәрігерге айта бастайды.
Арт-терапия жеке және топтық сеанс ретінде өтеді. Негізгі мақсаты:
1.Бойыңдағы қорқыныш пен үрейден арылу;
2.Қиялдағы көріністерді би, ән, сурет арқылы жүзеге асыру;
3.Рефлексті анализ: жұмысыңмен таныстырып, сезімдермен бөлісу.
Арт-терапияның ұзақтығы мен бағасы
Арт-терапияны аутист және ақыл-есі кем балаларға өткізген жөн. Одан бөлек токсикоман және тұтқындарға жүргізіледі.
Курс үш айдан екі жылға дейін созылады. Сеанс уақыты 1-3 сағат. Курс бағасы 4000 — 7500 теңге.
Арт-терапия жаттығулары
«Бaқыт картасы»
Мақсаты — сезімдерін түсіну, өмірді жақсы жаққа өзгерту.
Ұзақтығы – 15-20 минут.
Қажетті құралдар — A3 қағаз, бояу, қылқалам.
Алдыңызға қағаз қойыңыз. Бақытты өмір деген не? Бақытты болуға көмектесетін 3 элементті атаңыз. Енді соны қағазға бейнелеңіз.
Бақытты ететін әдеттер:
Күлкі,
Таңғы жаттығу, фитнес, серуендеу
Кітап оқу, сүйікті әуен
Массаж
Қарым-қатынас
Теңізде демалу
Театр немесе концерт, музейге бару.
Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Дәл қазір не сезіндіңіз?
2. Қандай жақсы әрекеттерді әдетке айналдырасыз?
Стресс немесе уайымнан арылуға көмектесетін жаттығу
Ең жақсы қасиетіңізді қағазға түсіріңіз;
Өзіңізді бір жануарға теңеп, соның суретін салыңыз;
Қолыңыздың суретін салыңыз. Оның ішін кез келген суреттермен толтырыңыз;
Балалық шақтағы естеліктеріңізді салыңыз;
Кез келген тас немесе кірпішті бояңыз;
Жапырақтан коллаж жасаңыз;
Арманыңызды бейнелеңіз.