Хабар

Қазақстандық музыкант әлемдік чарттарда топ жарды

Қазақстандық Мадияр Оналдиннің әйгілі француз хиті Femme Like U әніне жасаған ремиксі Spotify желісінде 10 миллионнан астам, ал  Apple Music-те 12 миллионнан астам лүпіл жинаған.

Femme Like U әнінің түпнұсқасын K.Maro есімді музыкант орындайды. Ал ремикс нұсқаны жасауда қазақстанды Эмма Питерс есімді әншімен коллаборация жасаған.

Бұл ремикс 2020 жыл жазының хитіне айналған болатын. Сол жылы аталған трек әлемдік чарттарда топ жарып, 20 елде Shazam желісінде ең көп ізделген әндер тізіміне кіреді. Қазір YouTube желісінде 20 миллионнан астам көрілім жинап, Yandex.Music нұсқасы бойынша жылдың үздік электронды музыкасы ретінде танылған.

Қазір Мадияр жаңа тректер жазып жатыр. Ол жақында қазақстандық Dose (Айдос Джумалинов), dudeontheguitar (Нұрбек Елемес) және Ninety One тобымен бірлескен жұмыстары жарыққа шығатынан айтты. Одан бөлек, шетелдік әншілермен де жұмыс жасап жатқаны белгілі болды.

Мадияр Оналдин Талдықорған қаласында дүниеге келген. Қазір Алматыда тұрады. Музыкаға ойламаған жерден келген. IT саласы бойынша білім алып, Alibaba Group, American Express, Hublot сынды үлкен компанияларда қызмет атқарған. Бүгінде тек шығармашылыққа бет бұрғанын айтқан болатын.

massaget.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button