Хабар

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов осылай мәлімдеді.

«АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық кешені – Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаушы негізгі кәсіпорын. Оның ауаны ластаудағы үлесі – 86,4 пайыз. Жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына экологиялық бақылау жүргізіледі. Биылғы 9 айда аумақтық экология департаменті компанияға 7 жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша экологиялық заңнаманың бұзылуы фактілері анықталды. Мәселен, бейорганикалық шаң-тозаңдарды нормативтен тыс шығарған, бұрын берілген нұсқамаларды орындамаған және газ шығатын құрылғыларды ұстау бойынша тиімді шаралар қабылдамаған», – деп мәлім етті Зұлфұхар Жолдасов.

Оның айтуынша, аталған кемшіліктер негізінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге айыппұл салынған. Кәсіпорын бұл шешіммен келіспей, шағым түсірген. Зұлфұхар Жолдасов қазір істің сотта қаралып жатқанын атап өтті.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button