Новости

Аралас жекпе-жектен Қарағанды облысының ресми чемпионаты өтті

25-27 қаңтар аралығында аралас жекпе-жектен Қарағанды облысының ресми 12 чемпионаты өтті.

Облыстың 14 жетекші жекпе-жек клубының 100-ден астам қатысушысы бірінші болу үшін бақ сынасты, деп хабарлайды novoetv.kz.

Хмелев Владимир Юрьевич, Теміртау қаласының жауынгерлік самбо және ММА бойынша аға жаттықтырушысы, Қарағанды облысы ММА федерациясы жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы іс-шара жайында:

– Бүгін ММА бойынша Қарағанды облысының 12 чемпионаты өткізіледі, қызу жұмыс жағдайында жүргізіледі. Ұлттық чемпионатты өткізуге бағытталатындығына байланысты өте үлкен жүктеме, айта кету керек қаржылық жағдайда баршылық. Бұл чемпионат 1 айдан кейін, ақпан айының соңында Қарағанды қаласында өтеді. Спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Жеңіске жету үшін ешқандай кедергі жоқ – оларға айтарым, тек алға! Мен қатысушыларға жеңіс тілеймін! Жеңімпазда айқын мақсат пен жеңіске деген ұмтылыс әрқашаш болу керек. Жеңіс өздігінен келмейді. Тынбай еңбектенумен арманға деген ынта-жігер үнемі алдыға жетелеп отырады. Өз өнерін баршаға паш етіп, туды қолға алып әнұранымызды шырқату ең керемет дүние деп санаймын. Сондықтан, ТЕК АЛҒА!

Соңғы күні 25-ке жуық жекпе-жек өтті.

Сонымен қатар, жарысқа ММА бойынша екі әлем чемпионы және ММА бойынша Азия чемпионатының бір жүлдегері қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша облыс құрамасы құрылады, ол еліміздің басты бастамасы-ММА KZ бойынша Қазақстан чемпионаты алдында оқу – жаттығу жиындарынан өтеді. Бұл шара кеншілер астанасында 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында Қарағанды қаласында “Жастар” СК-де өтеді”.

Қарағанды облысы бойынша ММА аралас жекпе-жек және жекпе-жек федерациясының президенті Владимир Николаевич Абросимов чемпионат жайында:

-Біздің жауынгерлік ережелерімізге сәйкес, 16-17 жас санатында басына соққы бермеу керек. Бұл ереже аз жарақат алуға, спортшылардың денсаулығын қорғауға бағытталған. Қағидалар республикалық деңгейде әзірленді және бекітілді. Жастар 18-20 жас санатына қатысты. Сондай-ақ, ересектер санатында 21 жастан асқан сайыскерлер қатысты. Іріктеу жүргізілді, енді жиындар өткіземіз және Қазақстандық чемпионатқа дайындаламыз. Қарағандылық спортшылар әрқашан ұлттық құраманың негізгі құрамында басты орында тұрады. Қазақстан ұлттық құрамасы 2013 жылдан бастап әлемдік деңгейде әрқашан көшбасшылар үштігінен көрінді, Азияда көшбасшы орынды иеленді”.

Финал жеңімпаздары:
Жас ерекшелігі бойынша 16-17 жастағы спортшылар:
Салмақ бойынша 52,2 кг қыздар:
Калис Сафия – Темир Прайд – 2-орын;
Климчук Алина – Сарань ММА – 1-орын.
Салмақ бойынша 52,2 кг:
Желтов Егор – Ермолаев Тим – 1-орын;
Нагызбек Мекен – Темир Прайд – 2-орын.
Салмақ бойынша 56,7 кг:
Кулбаев Дастан – Кинг – 2-орын;
Жамиев Асылхан – Ермолаев Тим – 1-орын.
Салмақ бойынша 61,2 кг:
Аверченко Анатолий – КарТТ – 1-орын;
Кусаинов Улан – КарТТ – 2-орын.
Салмақ бойынша 65,8 кг:
Жижин Дмитрий – Ермолаев Тим – 1-орын;
Каденов Нурлан – Ожет – 2-орын.
Салмақ бойынша 70,3 кг:
Калдыбеков Алихан – Темир Прайд – 2-орын;
Назарбек Абильмансур – КазФайтер – 1-орын.
Салмақ бойынша 77,1 кг:
Михаев Шамиль – Ермолаев Тим – 2-орын;
Рубченко Илья – Сарань ММА – 1-орын.
Салмақ бойынша 83,9 кг:
Толеу Алижан – Темир Прайд – 2-орын;
Широбоков Олег – 1-орын.
Жас ерекшелігі бойынша 18-20 лет:
Салмақ бойынша 47,6 кг қыздар:
Елеубекова Назерке – Темир Прайд – 2-орын;
Асылбекова Сагыныш – Медет Тим – 1-орын.
Салмақ бойынша 56,7 кг:
Сражатов Марат – Кинг – 1-орын;
Нурашев Ерсултан – КарТТ – 2-орын.
Салмақ бойынша 61,2 кг:
Шайхин Алишер – Берсерк – 2-орын;
Серикбай Мадияр – Темир Прайд – 1-орын.
Салмақ бойынша 65,8 кг:
Абсаламов Айбек – Золотой Дракон – 2-орын;
Орынбай Зангар – Аттила – 1-орын.
Салмақ бойынша 70,3 кг:
Нуркебай Арман – Феникс – 2-орын;
Абильдин Рустем – Аттила – 1-орын.
Салмақ бойынша 77,3 кг:
Дуйсенбаев Динмухамед – Кинг – 2-орын;
Отделкин Алексей – Ермолаев Тим – 1-орын.
Салмақ бойынша 83,9 кг:
Дуйсемби Нурсултан – Ермолаев Тим – 1-орын;
Мажитов Токтар – Каз Файт – 2-орын.
Жас ерекшелігі бойынша 21+ лет:
Салмақ бойынша 52,2 кг:
Абдрамчук Евгений – Ермолаев Тим- 2-орын;
Поляков Ростислав – Ермолаев Тим- 1-орын.
Салмақ бойынша 65,8 кг:
Малгаздаров Нурасыл – Аттила – 2-орын;
Магерламов Рахим – КазФайт – 1-орын.
Салмақ бойынша 70,3 кг:
Дахбай Нурасыл – Берсерк – 1-орын;
Бейсенов Мади – КарТТ – 2-орын.
Салмақ бойынша 77,1 кг:
Аким Айбек – Ожет – 1-орын;
Захарченов Маулетбай – 2-орын.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button