Хабар

Қарағанды облысының экология департаменті қаладағы қалың түтіннің ықтимал себептерін атады

Қарағандылықтар кешке қарай қалыңдап кететін түтінге шағымдануда. Экология департаменті үнемі атмосфералық ауаның жағдайына мониторинг жүргізеді. Сынамалар облыс орталығының барлық аудандарында іріктеледі.

Экологтардың айтуынша, түтіннің пайда болуына бірден бірнеше факторлар ықпал етеді.

«Желсіз ауа райында немесе температуралық инверсия кезінде жеке секторда пешпен жылытудан және өнеркәсіптік кәсіпорындардағы шығатын шығарындылар тез сейіліп кетпейді, бұл атмосфераның жоғары ластануының себебі болып табылады. Жеке секторда адамдар негізінен көмір жағатыны белгілі, – деп атап өтті салалық Департаментте. – Сонымен қатар көліктердің қарқынды қозғалысы шығарындылардың жер бетіне шоғырлануын тудырады”.

Айта кету керек, Қарағанды аумағында атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау жеті бекетте жүргізіледі, оның ішінде төртеуі қолмен және үшеуі автоматты түрде іріктеледі. Сонымен қатар, қалада «Экосервис-С» ЖШС 10 бақылау пункті жұмыс істейді.

Бүгін экологтар атмосфералық ауа жағдайына кезекті мониторинг жүргізді. Нәтижелер кейінірек хабарланады.

Айта кету керек, экология департаменті «Қазгидромет» РМК филиалынан ауа жағдайының нашарлағаны туралы хабарлама келген бетте сынама алуға шығады.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button