Хабар

Қарағанды облысында жаңа туристік бағыт таныстырылды

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Талды тарихи-археологиялық паркі бойынша туристік бағыт туралы айтылды. Оның ашылуы паркке келушілер ағынын арттыруға және өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

Турбағытты мұражай қызметкерлері, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының ғалымдары және Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы Түлкібай Төлеуов таныстырды. Олар үш жылдан астам уақыт ішінде зерттеу және қалпына келтіру жұмыстарын қорытындылады.

“Осы уақыт ішінде парктің бірқатар ескерткіштерінде, сондай-ақ Қаражартас-2 ерте темір ғасырындағы сақ қорғандарында және Ақбауыр ортағасырлық түркі қоршауларында және Қотыртас Алтын Орда кесенесінде археологиялық зерттеулер мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, Ақкезең қола дәуірінің ірі қонысында қазба жұмыстары жүргізілді, бұл қола дәуірінің аяғында ежелгі қалалық өркениет болғандығын көрсетеді”, – дейді Еркебұлан Жұмакенов.

Бүгінгі таңда Талды паркінің 25 нысаны зерттелді.

Ашық аспан астындағы мұражай тарихи-өлкетану мұражайының филиалы болады. Паркте биодәретханаларды, киіз үйлерді және жиналмалы панельді үйлерді орнату жоспарлануда.

Тұсаукесер барысында бірегей парк туралы ролик көрсетілді. Турфирма өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

Ашық аспан астындағы парк Қарағандыдан 120 шақырым жерде, Қотыртас және Қызылтау тауларымен қоршалған Талды өзенінің алқабында орналасқан және тас, қола, ерте темір ғасыры және орта ғасыр сияқты барлық тарихи кезеңдер шоғырланған орын болып табылатынын еске сала кетеміз.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button