Хабар

Ақылы жолдармен кімдер бір жыл бойы мың теңгемен жүре алады?

Жеңіл автокөлігі жолға жақын аудандарда тіркелген жүргізушілер ақылы жолдарды пайдалануға жылдық абонементті 1000 теңгеге сатып ала алады.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұндай аудандар тізімі төмендегідей:

  • Қапшағай – Талдықорған жолына жеңілдікті келесі аудандарда тіркелгендер алады: Қапшағай, Кербұлақ, Көксу, Ескелді, Талдықорған;
  • Тараз – Қайнар: Қордай, Шу, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Байзақ аудандарында тіркелгендер;
  • Шымкент – Тараз: Сайрам, Түлкібас, Жуалы, Жамбыл аудандары;
  • Шымкент – Қызылорда: Кентау, Сауран, Ордабасы, Бәйдібек, Сайрам, Жаңақорған, Шиелі аудандары;
  • Шымкент – Ташкент: Төле би, Қазығұрт, Сарыағаш;
  • Щучинск – Көкшетау: Бурабай, Зеренді, Щучинск;
  • Нұр-Сұлтан – Павлодар: Ерейментау ауданы, Екібастұз бен Ақсу қалалары.

23 қарашадан бастап республикалық маңызы бар жеті жол ақылы болды. Ақы республикалық маңызы бар, төрт жолақты келесі жолдар үшін алынады: Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қапшағай – Талдықорған, Тараз – Қайнар, Шымкент – Тараз, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Ташкент, Щучинск – Көкшетау.

“Ақылы жолдармен жүру үшін 1000 теңгеге (2.3 доллар) бір жылға жарайтын абонемент алуға болады. Мұндай абонементті ақылы жолдарға қызмет көрсету орталықтарынан сатып аласыз”, – делінген “ҚазАвтоЖол” хабарламасында.

Билік ақылы жолдардан түскен қаражатты қызмет көрсетуге және автожол желісін дамытуға жұмсауға уәде берді.

Қазір Қазақстанда 682 шақырым жол ақылы: Нұр-Сұлтан – Щучинск (211 шақырым); Нұр-Сұлтан – Теміртау (42 шақырым); Алматы – Қапшағай (42 шақырым); Алматы – Қорғас (295 шақырым);

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button