Хабар

Олимпиадаға қазақстандық зілтеміршілердің екінші тобы аттанды

Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарында сегіз зілтемірші еліміздің намысын қорғайды.

Бүгін спортшылардың екінші тобы Рио-де-Жанейроға ұшып кетті, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.

Қазақстандық ауыр атлеттер Карина Горичева, Жазира Жаппарқұл және Ниджат Рагимов жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Рио-де-Жанейроға ұшып кетті.
Карина Горичева –  63 келі, Жазира Жаппарқұл – 69 келі, ал Ниджат Рагимов 77 келі салмақта сынға түседі. Жазира Жаппарқұл – әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, Рагимов — 2015 жылғы әлем чемпионы.Мұның алдында Бразилияға зілтеміршілер Маргарита Елисеева ( 48 кг) мен Арли Чонтей ( 56 кг) аттанды. Сондай-ақ байрақты бәсекеге Қазақстан атынан  Фархат Харки (62 кг), Денис Уланов (85 кг) және Александр Зайчиков (105 кг) қатысады.
Олимпиадада сынға түсетін спортшыларымыздың жарысқа қатысу кестесі:
6 тамыз — Маргарита Елисеева;
7 тамыз — Арли Чонтей;
8 тамыз — Фархат Харки;
9 тамыз — Карина Горичева;
10 тамыз — Жазира Жаппарқұл, Ниджат Рагимов;
15 августа — Александр Зайчиков.
Естеріңізге салып өтсек, 5 тамыз күні Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Төрт жылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғайды.
Бүгін ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының астанасы Рио-де-Жанейрода қазақтың көк байрағы желбіреді. Кешенді сынның басталуына екі күн қалғанда, олимпиада қалашығында ресми түрде Қазақстанның мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button