Хабар

“Халық заңгері”: қарағандылықтар тегін заң көмегін ала алады

Қарағандыда 26 мамырда “Халық заңгері” жалпы республикалық акциясы өтеді. Қала тұрғындары мемлекеттік органдардың өкілдерінен, жетекші заңгерлер мен адвокаттардан тегін құқықтық көмек ала алады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету. Азаматтарды мемлекеттік органдардың өкілдері қабылдайды, ал құқық саласының білікті сарапшылары кез келген құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.

Толық және сапалы ұсыныстар алу үшін қарағандылықтардан іс бойынша құжаттарды өздерімен бірге алып жүруді сұрайды.

Акцияны ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, “Параграф” АЖ, желілік басылым Zakon.kz, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер.

Қарағандыда акция “Таир” СОО-да Ғарышкерлер көшесі, 1в мекенжайы бойынша өтеді.

Басталуы 17:00.

Барлық мәліметтер науқан (https://prg.kz/narod_jur#lawyer-consult) сайтында.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button