Хабар

Қазақстанның Паралимпиада құрама командасы Токиоға аттанды

Бүгін, 20 тамызда ҚР Ұлттық Паралимпиада құрама командасы Токио қаласына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада Комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, XVI жазғы Паралимпиада ойындары 24 тамыз – 5 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақстан тарапынан: Сиязбек Далиев, Нұрәли Советқанов, Зульфия Габидулина, Роман Агалаков, Алия Рахымбекова, Нұрдаулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев (паражүзу), Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілқасымқызы (паражеңіл атлетика), Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Ануар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы (парадзюдо), Спатай Бибарыс (параканоэ), Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Кәмиля Досмалова (паратаеквондо), Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалыкова, Алина Солодухина (парапауэрлифтинг) және Айсұлу Жұмабаева (паранысана ату) қатысады. Оған қоса, Халықаралық Паралимпиада комитетінің (ХПК) шешімімен қазақстандық парадзюдошы Ерлан Өтеповке (100 кг).

Паралимпиада ойындарына қосымша жолдама берілді. Ерлан Өтепов – парадзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия және Океания чемпионатының жеңімпазы 2019.

«Токио-2020 Паралимпиада ойындарына 7 спорт түрінен 26 спортшымыз қатысады. Токио алдында атлеттер екі апталық карантинде болып, соңғы жаттығу жиындарын Алматы мен Алматы облысында өткізді. Ойын қарсаңындағы соңғы күндерді спортшылар оқшаулану режимінде өткізіп, сыртқы әлеммен байланысқа түскен жоқ. Осы режимді сақтап Токио ойындарына қауіпсіз жетуге үлкен көмек көрсеткен Эйр Астана компаниясына үлкен ризашылығымызды білдіреміз», – дейді Ұлттық Паралимпиада Комитетінің бас хатшысы Ерлан Сулейменов.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button