Хабар

Тұмау күшейді. Оқушылар қандай жағдайда үйде оқитынын денсаулық министрі түсіндірді

Балалар арасында сырқаттану көрсеткіші 1,5 есе артса мектептерде шектеу шаралары енгізіледі.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ашық диалог порталындағы блогында бір сыныпта балалар арасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану көбейгенде қандай жағдайда сабақтар қашықтан оқытуға көшетінін айтты.

ЖРВИ, тұмаумен сырқаттану көрсеткіші апта сайынғы бақылау деңгейінен асып кетсе, алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,5 есе немесе одан да көп болса, мектептерде шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі “2022-2023 жылдардағы эпидемиялық маусымға тұмау мен ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру туралы” №30 қаулысында жазылған.

“Бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылардың 20-30%-ы ЖРВИ-мен ауырса күнтізбелік он күн ішінде жалпы білім беру ұйымдарында жаңа балаларды сабаққа қабылдауға тыйым сала отырып, кабинетте оқытудан бас тарту ұсынылады. Ал сырқаттанған балалардың үлесі 30% және одан да көп болса, онда оқушылар 10 күнтізбелік күнге онлайн оқытуға көшіріледі. Сауығып кеткен оқушылар офлайн оқуға ауыстырылады, ал ауру белгілері бар балалар сауығып кеткенше онлайн оқиды”, – деп жазды министр.

Алматыда өткен аптада 17 739 ЖРВИ дерегі тіркелді. Олардың басым бөлігі балалар – 64%.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button