Хабар

Велосипед тепкен неге пайдалы?

Велосипед айдауды әдетке айналдырған адам жүрек-қан және диабет, басқа да аурулардан ада болады. Ол үшін күніне 30 минут уақыт велосипедке арнасаңыз жеткілікті. Осылай дейді дат ғалымдары.

Данияда 20 жылға созылған зерттеу жүргізілген екен. Оған 23 732 адам қатысқан. Ер мен әйел бірге. Қатысқандардың барлығы – велосипедпен жүруді әдетке айналдырғандар. 60 пайызы күніне 8 минут велосипедпен жүрсе, 20 пайызы 15 минутын осы іске арнайды екен.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, тәжірибеге қатысқандардың денсаулығы біршама жақсы болып шыққан. Бұларда жүрек-қан және диабет ауруы аз кездескен. Қан қысымы да тұрақты болған. Кейбірінде диабеталды белгілер жоғалып, жазылып кеткен.

Велосипед тебуді әдетке айналдырған адамдар семіздікке шалдықпайды. Гипертония болмайтын көрінеді.

Ғалымдардың есебінше, велосипедпен күнде жүрудің нормасы әртүрлі. Адамның денсаулық жағдайы мен басқа да факторларға байланысты. Бірақ орташа есеппен күнде жарты сағат белесебетпен жүру адам денсаулығын жақсартатын көрінеді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button