Хабар

Құтқарушылар отшашу атқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары отшашу атқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жұртшылыққа қауіпсіздік шараларын түсіндіріп өтті.

«Отшашуларды сатып алған кезде жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз. Егер тауар мерзімі өтіп кетсе, онда оны ешбір жағдайда пайдалануға болмайды. Пиротехниканы пайдаланғанда темекі шегуге және балалардың қолына ұстатуға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ тұрақта тұрған көліктердің жанында отшашуларды атуға болмайды. 50 метр радиуста өрт шығу қаупі бар нысандар болмауы тиіс. Отшашуды тамашалауға жиналған адамдар ұшыру алаңынан 15-20 метр қашықтықта орналасуы керек», – деді ол.

Отшашуды ғимарат ішінде және үй-жайда қолдануға тыйым салынған. Қатты желде де отшашуды атуға рұқсат жоқ.

Нұржан Өміржановтың айтуынша, үйге шыршаны орнатқан кезде жылыту құрылғыларының маңына қоймаған жөн. Шыршаны тек зауытта жасалған, жарамды электр гирляндтарымен безендіру қажет.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button