Хабар

Мереке күндері ХҚО-лар мен АвтоХҚО-лар қалай жұмыс істейді

28 маусым мен 6 шілде күндері Құрбан айт пен Астана күні тойланатындықтан, елімізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді. Бұл ретте, 7 және 8 шілде күндері азаматтарды сағат 13:00-ге дейін тек кезекшілік белгіленген ХҚО-лар мен АвтоХҚО-лар қабылдайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 1 шілде мамандандырылған және қарапайым Қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні саналады. Бұл күні ХҚО-лар азаматтарды 18:00-ге дейін, мамандандырылған ХҚО-лар 20:30-ға дейін қабылдайды.

Қазіргі уақытта елдегі мамандандырылған ХҚО-лар шетелдік көліктерді тіркеу жұмысына тартылып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 1 шілдеге дейін олар азаматтарды жұмыс күндері 9:00-ден 19:00-ге дейін (құжаттарды беру – 20:30-ға дейін), сенбі 9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру 19:30-ға дейін) қабылдайтынын еске салайық.

Жалпы Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарға жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші бөлімшелері – 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні – 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Шетелдік көліктерді тіркеу аяқталғаннан кейін мамандандырылған ХҚО-лар осы кестеге оралады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button