Хабар

ЖОО-да тегін білім алатын сарбаздар қалай іріктеледі?

Қазір мерзімді қызметін өтеп жүрген сарбаздардың 70 пайызы бұл ұсынысты қолдаған.

Мерзімді қызметін өтеген сарбаздарға ЖОО-да тегін білім алуға мүмкіндік беретін жоба 2023 жылы іске қосылады. Бірақ бұл мүмкіндікті арнайы іріктеуден өткендер ғана иелене алады, деп мәлімдеді қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева.

“Әскери қызметшілер, яғни әскери, мемлекеттік-құқықтық, дене шынықтыру даярлығы және тағы басқа сабақтардың нәтижелері бойынша іріктеледі. Арада сыбайлас жемқорлық болуы мүмкін екенін түсінеміз. Сол себепті қазір осы тәуекелдерді ескеріп, оларды барынша азайтатын арнайы іріктеу әдістемесін әзірлеудеміз. Барлығы ашық болады”, – деді Айгүл Төлембаева.

Министрдің кеңесшісі аталған жобаның келер жылдан бастап іске қосылатынын атап өтті.

“Жоба жұмыс істеп жатыр. Біз министрдің бұйрығымен бекітілген тиісті ережелерге өзгерістер енгіземіз. Оны іске асыру алдағы 2023 жылы басталады”, – деді министр кеңесшісі.

Сондай-ақ, Айгүл Төлембаева қазір мерзімді қызметін өтеп жүрген сарбаздардың 70 пайызының бұл ұсынысты қолдап отырғанын бөлісті.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button