Хабар

Әскерилердің суицид жасауына не себеп? Қорғанысминистрлігінің мәлімдемесі

Әскерилердің өз-өзіне қол салуына байланысты Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жасады.

Соңғы кездері еліміздің күштік құрылымдарында орын алған өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің жиілеуі түсіндіруді қажет етеді, деп жазылған Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

“Өзіне-өзі қол жұмсау сияқты шарасыз қадамға бару ол адамның туыстары мен жақындары үшін үлкен қайғы. Командирлерге де жауынгерден айырылу ауыр шығын. Қарулы күштерде болған әрбір жағдайды әскери полиция қызметкерлері және басқа да қылмыстық қудалау органдары мұқият тексереді. Тексеру нәтижелері өзіне-өзі қол жұмсау көп жағдайда әскери қызмет өткерумен байланысты емес екенін көрсетті. Әскерге шақыруға дейінгі кезеңде әскери қызметшілерді осындай әрекетке итермелейтін әр түрлі өмірлік жағдайлар кездесетінін ескеру керек”, – деп жазылған хабарламада.

Хабарламаға сүйенсек, бағыныстылардың өмірі мен денсаулығына ҰҚК Шекара қызметі, ІІМ Ұлттық ұланы, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі де жауапты. Бейбіт уақытта аталған күштік құрылымдар Қарулы күштердің құрамына кірмейді және Қорғаныс министрлігі олардың қауіпсіздігін бақыламайды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің бастамасымен әскери ортада орны толмас шығындарды барынша азайтуға және суицидтің алдын алуға бағытталған “Өмірді сақта” кешенді бағдарламасы әзірленіп жатыр.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button