Хабар

Телефон алаяқтары көбейді. Оларды қалай анықтауға болады?

Алаяқтар көбіне шотта сақтаулы соманы, СМС пен CVV кодтарды сұрайды.

Қазақстан ұлттық банкі телефон алаяқтардың көбейгенін хабарлады. Олардың басты белгісі – қандай да бір алаяқтық әрекет бойынша істің мән-жайын анықтамақ болып, өзін банк қызметкері ретінде таныстыру арқылы қазақстандықтардың дербес деректерін алуға тырысады.

“Алаяқтар телефон арқылы түрлі сылтау келтіріп, азаматтарды дербес мобильді құрылғысына екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасын немесе қашықтан басқаруға арналған сервисті орнатуға үгіттейді. Содан кейін қаскөйлер смартфонды қашықтан толық басқаруға мүмкіндік алып, шот ашады, несие рәсімдейді және ақшалай ұрлайды. Атап өтетін жайт, алаяқ телефон шалғанда әңгіме арасында дербес әрі жабық деректерді (шотта сақтаулы соманы, СМС пен CVV кодтарды) беруді талап етеді”, – делінген ҚҰБ хабарламасында.

Пайдаланушының дербес деректеріне қатысты кез келген ақпаратқа қол жеткізу үшін қаскөйлер неше түрлі қитұрқы әрекеттерге барады, соның ішінде жалған құжаттарды ұсынуға да бейім болады. Яғни олар ҚҰБ қызметкерінің жеке басын растайтын құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қаражатымен жасалатын ақшалай операцияларға тән хаттарды немесе анықтамаларды қолдан жасайды.

Ұлттық банк телефон алаяғына тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлауға кеңес береді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button